• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Красавчики до нашей эры» фильміне жазған рецензиясы

    • — 22 қараша 2019
    • Баға: 6/10

    Жәй ғана кино көріп көңіл көтергіңіз келсе осы фильмге барыңыз. Мейіржан мен Мейірханның өздері айтпақшы, "ешқандай мағына, логика не мән іздеудің қажеті жоқ. Жәй ғана кино көріп, күліп қайтыңыз".

    "Регистратор" фильмін ұсынған Медет Аманбаев пен Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов үшеуі біргіп тағы бір фильмді түсіруге шешім қабылдаған. Фильм Алтын емел саябағында 20 күннің ішінде түсірілген екен. Үшеуі бірігіп сценариін жазған. Фильмді түсіру идеясы осыдан 2 жыл бұрын келген.

    Фильм қазіргі біздегі бар комедиялардан жанры ерекше. Киімдері мен қимылдарына, түр әлпетіне қарап-ақ күліп отырасың. Фильм ерте заманғы болса да заманауи өмірдің сөздері мен кейбір фишкаларын қолданған.

    Ешқандай мағына іздемеңіздер дегенмен, фильмде қазақтардың еріншектігі мен ертеңгі күндерін ойламайтындығы мен билікке ұмтылғыш келетінін сынға алған.

    Шынымен, той тақырыбынан жалыққандарға бір ерекшелік бере алатын қызық комедия болған. Әр кейіпкер ойланылған және әр қайсысының сөздік қоры жақсы берлген.

    Көңіл көтеріп, күліп қайтуға арналған жақсы комедия шығара алған.

Пікірлер