• Біздің парақшалар:
  • Акнур Аширбаева «Во мраке» фильміне жазған рецензиясы

    • — 27 желтоқсан 2018
    • Баға: 4/10

    Ужас жанры бізде енді ғана басталып келе жатқандықтан қателіктер көптеп кездесетіні күмәнсіз. Жалпы, өзім осы жанрдағы фильмдерді сүйіп тамашалайтын көрермендердің бірімін.  Фильм аздап көңілімнен шықпады. Үрей туғызу жағы логикаға сай жасалғанымен, компьютерлік графика бәрін жоққа шығарып жібергендей. Актерлар ойынынан шынайы қорқыныш сезімін көре алмадым. Бірақ ең бастысы басы, ортасы және соңы бар фильм. Ужас жанрында фильмдер жоқтың қасы болғандықтан, режиссердің бұл жанрға батыл қадам жасап, фильм түсіруінің өзі қуантарлық жайт.

Пікірлер