• Біздің парақшалар:
  • Абайус Отариус «Кариб теңізінің қарақшылары: Өліктер сөйлемейді» фильміне жазған рецензиясы

    • — 23 шілде 2018
    • Баға: 6/10

    Өкінішке қарай, "Кариб теңізі қарақшыларының" кезекті фильмі мен күткендей болған жоқ. "Өліктер ертегі айтпайды" немесе өзімнің аударған нұсқам "Өлген адам сөйлемейді" бұған дейін табысты болған франшизаны төменгі деңгейге түсірді. Фильмде қиыспайтын тұстар көп. Оның үстіне жаңа актерлердің ойыны әлсіз, ал бұрынғылары өз деңгейінде ашылып ойнатқан жоқ.

    Мысалы, Джек компасын қайдан алды? Салазарды өлтіргенде ме, әлде Тиа Далмадан ба? Естеріңізде болса, екінші бөлімде Тиа Далмаға барғанда, ол Джектен "Менен ұрлаған компас ше?" деп сұрайды ғой. Одан қала берді, Уиллдің жүрегі қайда? Оны суырып алып, Элизабетке тастап кеткені белгілі. Енді Посейдонның ашасы бүкіл сиқырды жойса, Уиллдің жүрегі қалай орнына келді? Кинода осындай түсініксіз тұстар жетерлік.

    Сосын Джек те, Барбосса да бұрынғыдай ойнаған жоқ. Тіпті, франшизаның бұған дейін ең әлсіз шыққаны саналатын "Тылсым жағалауда" қызықты сәттер мен әдемі қағытпаларға толы болатын. Бұл жолғы фильм идеясы мен фантазиясы тауысылған адамның жазған сценарийне түсірілген секілді.

    Очм, сценарий тұрғысынан қарасақ, 3 қоятын едім. Алайда осы фильмдер сериясы мен киноның қаһармандарына сүйіспеншілігім 6 деген баға қоюға жетеледі.

Пікірлер