• Біздің парақшалар:
  • Карибаева Айжан «Джентльмены, удачи!» фильміне жазған рецензиясы

    • — 28 желтоқсан 2012
    • Баға: 7/10

    Шыны керек, Бекмамбетов фильмдерінің фанаты емеспін, "Особо опасен"-ді көрмедім, "Елки" ұнамайды, тек көңілімнен шыққаны "С легким паром 2" еді, оның өзі жаңа жылдық "дұрыс" көңіл-күйдің әсері және "Опять метель" саундтрегінің әсері ме деп ойлаймын.

    "Елки"-ді көпшілік жұрт қанша мақтағанымен, түсінікті сюжет құрылысы, жалпақ юморына дым күле алмадым, кеңес заманының желі есетіндей) Сонымен кинотеатрдағы уақыт жағынан дәл келген кино болғаннан кейін ғана "Джентельмены, удачи"-ға кірдік. Меніңше, бұл киноны дәстүрлі Бекмамбетов киносы деуге болады: әдемі картина, аңғал басты кейіпкер, ойда-жоқта пайда болатын спецэффектілер, жасырын жарнама, жұлдызды актерлік құрам, "приторный" хэппи энд (көпшілік жағдайда той). Мұның бәрі конвейерден бір талдап шығарыла беретін "іші бірдей", сырты түрліше әдемі жаңа жылдық кәмпиттер сияқты.

    Бірден айта кету керек, меніңше, фильмді оригинал нұсқасын көрген адам ғана түсініп, бағалай алады. Өйткені кино барысында болып кеткен оқиғамен салыстыра отырып көру қызық. Кеңестік фильмдерді көрмеген, бізден кейінгі буын киноның бар юморын, мәнін түсінбес.

    Жалпы фильм жақсы әсер қалдырады. Жаңа жылдық, отбасылық, мейірімді фильм. Ең басты ұнағаны - Безруковтың шебер ойыны. Алайда "Петля времени", "Облачный атлас", "Бенджамин Баттон", т.б. сюжеті қиыннан қиыстырылған, бір реалдың үстінде екінші қабат реал жүретін тәрізді интеллектуалды фильмдерге "үйретіп" тастаған біздерге мұндай қарапайым фильм жалықтырма болуы мүмкін. Сондықтан бұл фильмге барардан бұрын ескеру керек жалғыз ереже - көп нәрсе күтпеңіздер!)

     

    P.S әрине рецензия өзімнің жеке пікірім екендігін түсініңіздер, залда күліп отырған адамдар болды:) өзім де "Ирэ жьивөй?" дегенде күлкімді ұстай алмадым))

Пікірлер