• Біздің парақшалар:
  • Әділханов Абылай «Конг: Бассүйек аралы» фильміне жазған рецензиясы

    • — 15 наурыз 2017
    • Баға: 4/10

    Осы фильмнің ремейкін түсіре беруден жалықпады ма екен?

    Бір байқағаным Киң Коңтің бойы әр ремейк сайын екі еселене беретін сияқты. Бұл жолы Киң Коң баяғы өзі мініп алатын ғимаратпен бірдей, ощм НӘН* (*үлкен)

    Оқиға желісі сол баяғы. Ғылымға белгісіз, картада жоқ аралға ғылыми экспедиция келеді. Олардың құрамында:

    Әлгі қуғынбай профессор және сюжетке еш пайдасы жоқ, образдары да фильм барысында еш ашылмаған (фильмдегі нәсілдік біріңғайлықты аздап араластыру үшін қосыған деп түсіндім) екі көмекшісі (біреуі қара нәсілді, екіншісі азиат қыз)

    Вьетнамнан іздеп жүріп тауып алған, джунглиде жүріп қоятын "ізкесер"

    Әйтеуір бір фотограф қыз (Коңг жақсы көріп қалатын бір қыз болу керек қой енді, Азиатка бұл рөлге жарамаса керек, бірақ СПОЙЛЕР, Коңг бұ қызға қарамай қояды (маған солай көрінді))

    Бір топ әскерилер (жарылыста, қанды жойқын шайқаста жұлынған аяқ-қолдар мен ішек-қарындар жан-жаққа жашырап жатқан көріністерді түсіру үшін және көрермендерді "ышша, өәқ, анау құбыжық әлгіні кәдімгідей шәйнап жеп қойды, бишара-ай" дегізу үшін қосылған әйтеуір бір пенделер. Бірақ олардың образы еш ашылмағандықтан аяныш сезімін туғаза алмады)

    Осы әкерилердің басшысы (ол да қуады)

    Сосын кімдер бар еді тағы, есімде қалғандары осылар

    Сонымен, аталған топ аралға тікұшақпен келеді де, бірден аралды бомбалай бастайды. Бұл әрекеттері әрине арал королі Коңгқа ұнамайды да, бірден бұларға қарсы шығып, қыра бастайды бәрін. Өлкені өліп, қалғаны қалғанна кейін (жоқ, сіз бен мен ойлағандай азиат қыз бен қара нәсілді пацан алғашқы сценаларда өліп қалмайды, міне керемет! Міне, Американың толеранттылығы! Онымен қоймай, СПОЙЛЕР, түк пайдасы жоқ бұл екеуі фильм соңына дейін тірі қалады!)

    Оқиғаға оралсақ, бірақ, не ма, оралудың еш қажеті жоқ деп ойлаймын.

    Фильм нашар, осымен бітті!

    4 деген бағаны ең болмаса спецэффекті үшін деп қойдым.

Пікірлер