• Біздің парақшалар:
  • Саке «Тараз» фильміне жазған рецензиясы

    • Тараз
    • 2016
    • Рейтинг: 7,857
    • Дауыс саны: 7
    • — 14 қазан 2016
    • Баға: 6/10

    Нұртас Адамбаевтың осыған дейінгі туындыларының барлығын қарап келемін. Ұсынған комедияларының түгелі дерлік көңілден шыққан еді. Бірақ бұл жолы "боевик" жанрында бағын сынап көрген екен. Өте төмен.

    Сеанстан кейін менде мынадай сезім пайда боды. Сценарист барлығын жақсы жазып келе жатып, түнде заказчик хабарласып ертең тапсыру керек деп бұйырып, содан барлығын өлтіріп тастауды ұйғарған тәрізді. Немесе сценарий ауқымы фильм ретінде тым тар. Короткометражканың сценарийін алып, соған керек емес кадрлармен толтырып фильм жасап шыққандай сезім қалдырды.

    Маған ұнамады. Сіздерге де ұнайды деп ойламаймын. Актерлерден Асан ғана өз образын аша алды. Қалғандары актерлік тәжірибесімен алып шығам деген соқыр сеніммен ғана ойнап шықты. Қазақстандық кезекті құсық кинолардың бірі.

    6/10.

Пікірлер

    • Rysbek
    • |
    • 18 қазан 2016 18.10.2016
    • |
    • 05:31

    Керісінше, "Тараз" бұрынғы түсіргендеріне қарағанда əлдеқайда деңгейі жоғары фильм. Сіз айтқандай көңілден шығатын "комедия" көргенім жоқ. Салт - дәстүр мен ауыл тіршілігін арзан күлкіге айналдыру комедия емес. "Таразға" келетін болсақ, тұрмыс тапшылығы мен мақсатсыздық, өмірден өз орнын таба алмаған жандардың шарасыздығын дəл суреттей білген. Былай айтқанда таланты бар талабы жоқ, бүгінгі жастардың жағдайы. Оқиға дамуы, күтпеген көріністер, қысымда ұстап отыратын атмосферасы айтар ойды жақсы жеткізген. Оқиға жылдам өрбігеннен болар қысқа метражды фильмнің сценарийіндей əсер қалдырғаны. "Керек емес кадрлардың" болмауымен де фильм жып- жинақы, əсерлі етіп жасалған. Асан Мəжиттің материалдық жəне моральдық қысымға түскен, өмір қажытқан, амалсыздықтан əбден қалжыраған кейіпкердің образын бере алғандығы маған да ұнады.