• Біздің парақшалар:
  • AA kiot «Секс таспа» фильміне жазған рецензиясы

    • — 6 тамыз 2014
    • Баға: 5/10

    Керемет емес!

    Тырнақшаның ішіндегі бұл шедеуір фильмнің трейлерін көріп-ақ кереметтей дүние күткенім рас.

    Достарымызбен (аты-жөндерін атамауымды өтінді) попкорн мен пепсидің мол қорымен жарақтанып, кинотеатрдың ең ыңғайлы орындығына елден бұрын тапсырыс беруіміз бен жайғасуымыздың себебі де сол - трейлер еді.

    Мықты комедиялық жанрдағы кино күттік...

    Басталуы қызықты әрі жылдам өрбитін сюжетпен әжептеуір-ақ өрілген фильм - 15-минутта-ақ шеңберден шықпайтын 5-6 кейіпкердің барлық қыр-сырымен қанықтырып тастады.

    Әттең-ай, түрлі интригалы сюжеттік байламдарды әдемі-ақ алып келе жатып, оның шешімін көркем етіп берерде келгенде "жіберіп" қойып отырды.

    Мен Сізге айтайын, бұл фильм - өзіңіз әбден көріп тастаған әдеттегі америкалық отбасында болып жатқан қарапайым отбасылық қарым-қатынастар. Біз мұны білеміз ғой ә?

    Бұл бір - бас-аяғы 2-3 айдың (немесе одан сәл көп) төңірегінде түсірілген, төменгі сапалы сценарийді "күзір" Камеронның сүйемелдеуімен алып шығуы әу баста-ақ мақсатталған, көрерменнің көңілін заңға қайшы келмейтін жалаңаш денемен көмкеру арқылы картинасы құралған - тұзақ фильм.  Сол тұзаққа түсіп қалыппыз.

    Айтпақшы, күлетін жерлері бар, күлдік.

    Тіпті, сылқым сұлу (сырт келбетінің параметрлері ойдағыдай-ақ) Диаздың түсетін фильмі емес еді деп жанымның ашып кеткенін де жеткіземін.

    Режиссерлік (ақталмаған) еңбектің құдіреттілігіне бас ие және бойымдағы кинодан шыққаннан кейінгі тонустық көңіл күйдің әсері әлі де жоғалмағандығын ескере отырып 5 деген баға қоямын-ау.

     

Пікірлер