• Біздің парақшалар:
  • Эльвира Ергалина «Гравитация / Gravity» фильміне жазған рецензиясы

    • — 9 қазан 2013
    • Баға: 9/10

    Кейде айналаңды қоршаған адамдардан жырақ, басқа жаққа кетіп қалғың келеді. Бірақ, жалғыз өзің өмір сүру тым қорқынышты екенін ұқтырады бұл фильм. Кейіпкердің "Мен ғарышта өлсем, ешкім мені жоқтап, жыламайды да, ешкім маған дұға етпейтін де болады," - деген сөзі адамның адамсыз күн көруі мүмкін емес екенін нақтылап тұрғандай. Жерде жүргенде атаққа, білімге, жаңалық ашуға, тіпті, байлыққа қанша құмартсаң да, олар өлім алдындағы қорқынышта бар маңызын жоғалтатынын ұқтыратын фильм. "Құдай-ай, нең бар еді ғарышта"- деп, іштей ұрысып отырған кезім аз болмады. Сондықтан, айды аңсамай, шүкіршілік ету керек. Фильмнің айтар сөзі де, берер әсері де мықты екен. Ұнады. Бұл - Оскар сыйлығына лайық фильм. Ең құрығанда, арнайы эффекттері үшін алу керек. Көруді рекомендеймін.

Пікірлер