• Біздің парақшалар:
  • Джон Траволта

Еңбек жолы:
Актер, Сценарист, Продюсер
Туған күні:
18 ақпан, 1954
Туған жері:
АҚШ
Өмірдерек:

Джон Траволта (John Travolta) - Америка актері, биші, әнші. Толық аты-жөні - Джон Джо́зеф Траво́лта (John Joseph Travolta)."Алтын глобус" және "Эмми" жүлделерінің иегері.

Бала кезінде чечётка билеуді үйренеді. Ол 1970 жылдары "Saturday Night Fever", "Grease" фильмдерінен кейін танылды. Сондай-ақ оны көпшілік Квентин Тарантиноның "Қойыртпақ шығарма" ("Pulp Fiction") фильміндегі рөлі үшін де жақсы көреді.

Алайда 2000 жылы өзі басты рөлде ойнаған және продюсер болған "Соғыс алаңы: Жер"("Battlefield Earth") фантастикалық картинасы сынға ұшырап, фильм "Алтын таңқурай" антисыйлығының жеті номинациясын алды, Траволтаның өзі "Нашар актер" атанды.

Ресми түрде бір рет үйленді. 1991 жылы актриса Келли Престонмен отау құрды. Үш баланы өмірге әкелді. 2009 жылы тұңғышы Джет қайтыс болды.

Әйелдермен қарым-қатынасы болғанына қарамастан, оның бірнеше рет гомосексуал сипатындағы әрекеттері әшкере болды. Алайда актердің өзі ешбір оқиғаны мойындаған жоқ.

Траволта саентология ағымын ұстанады. Авиацияға әуестігі бар. Пилот лицензиясы және жекеменшік бірнеше ұшағы бар.

 

Фотосурет: flickr.com; Сreative Сommons лицензиясы

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Улы раушан

2019, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Готти

2018, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Жабайылар

2012, Актер

Рейтинг: 7

Дауыс саны: 1