- Еңбек жолы:
- Актриса
- Туған күні:
- 7 наурыз, 1919
- Туған жері:
- КСРО
- Өмірдерек:
-
Өмірзақова Әмина Ерғожақызы (8.3.1919 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы) – актриса, Қазақ КСР-інің халық артісі (1965).
1938 жылы Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік сахна өнері техникумының (кейін Ленинград театр, музыка және кинематография институты) қазақ студиясын бітірген. 1938 – 1940 жылдары Шымкент облыстық драма театрының, 1940 – 1942 жылдары қазіргі Қазақ мемлекеттік академия драма театрының труппасында, ал 1942 – 1949 жылдары "Қазақфильм" студиясында қызмет атқарды.
1949 жылдан Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының (қазіргі Қазақ мемлекетік академия жастар мен балалар театры) актрисасы болды. Оның театр сахнасында тұңғыш ойнаған рөлі – М.Әуезовтің "Түнгі сарын" спектакліндегі Мөржан. Бұдан басқа ойнаған басты рөлдері қатарында Баян (Ғ.Мүсірепов "Қозы Көрпеш – Баян сұлу"), Луиза (Ф.Шиллер "Зұлымдық пен махаббат"), Смеральдина (К.Гольдони "Екі мырзаға бір қызметкер"), Шәуәли (М.Ақынжанов "Ыбырай Алтынсарин"; Бүкілодақтық балалар және жасөспірімдер театрлары фестивалінің дипломымен марапатталды, 1958), Рәбиға (Ш.Хұсайыновтың осы аттас драмасында), Кенжегүл (І.Мұхамеджанов "Өзіме де сол керек"), Алтынай (Ш.Айтматов "Алғашқы мұғалім"), Гүлжамал (Т.Ахтанов "Күшік күйеу"), Қалампыр шешей (Ш.Уәлиханов "Тағдыр"), Глумова (А.Н. Островский "Адам аласы ішінде"), т.б. бар.
1942 жылдан киноға түскен: Ажар ("Абай әні", 1945), Мұғалима ("Қанатты сыйлық", 1956), Айша ("Бір ауданда", 1960), Ана ("Ана туралы аңыз", 1963, Қазақстан және Орта Азия республикаларының кино өнері бойынша өткен байқаудың 1-сыйлығы, 1964; Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1966), Тана ("Тақиялы періште", 1968; Алматы қаласында өткен Қазақстан және Орта Азия республикаларының 8-кино өнері байқауының сыйлығы, 1969), т.б. Отан, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Дереккөз: kk.wikipedia.org
Фотосурет: kinoartist.forumbb.ru
Үздік фильмдер:
Қатысқан фильмдері:
Абай әндері1945, Актер |
Рейтинг: 1 Дауыс саны: 1 |
Ақ гүл1943, Актер |
Рейтинг: 0 Дауыс саны: 0 |
Песнь о великане1942, Актер |
Рейтинг: 0 Дауыс саны: 0 |