• Біздің парақшалар:
  • Кейт Бекинсейл

Еңбек жолы:
Актриса
Туған күні:
26 шілде, 1973
Туған жері:
Англия, Ұлыбритания
Өмірдерек:

Кейт Бекинсейл (Kate Beckinsale) - ағылшын актрисасы. Толық аты-жөні - Кэтрин Бэйли Бекинсэйл (Kathryn Bailey Beckinsale).

Театр және телевизия актрисасы Джуди Ло мен танымал телевизия актері Ричард Бекинсэйлдің отбасында Лондон қаласында дүниеге келген. Әкесі 1979 жылы қайтыс болды. Кейттің өкіл әпкесі бар - Саманта, ол да актриса. 

Лондонда мектепті бітірген соң Кейт ата-анасының жолына түсіп, актерлік карьерасын бастады. Ол бірінші рөлін 1991 жылы экранға шыққан "Желге қарсы жалғыз" телевизиялық фильмінінен бастады. 

Оксфордта оқыған кезінде Бекинсэйл Кеннет Бранның "Much Ado About Nothing" кинофильміне түседі. Соңғы оқу жылын ол Парижде өткізеді де, содан кейін университеттен кетуге бел байлайды. Осыдан соң Кейт аз бюджетті бірқатар фильмдерге түсті. Сонымен қатар актриса театрда және телевидениеде түрлі рөлдерді ойнауын жалғастыра берді. 

Оның алғашқы америкалық фильмі "Brokedown Palace" (1999) коммерциялық жетістікке жете алмады. Көп кешікпей Кейт 2001 жылы "Перл-Харбор" фильміне түседі. Сол жылы аталған картина жақсы табыстарға қол жеткізді. Осыдан бастап актриса Американың түрлі қымбат картиналарына қатыса бастады.  

Бекинсэйл бұрын актер Майкл Шинмен кездескен. Одан Лили Мо Шин есімді қызды дүниеге әкелді (1999 ж.). 

2004 жылы Шинмен ажырасқаннан кейін, Кейт режиссер Лен Уайзманға күйеуге шықты. 

 

Фотосурет: flickr.com  Сreative Сommons лицензиясы

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Махаббат және достық

2016, Актер

Рейтинг: 6

Дауыс саны: 1

Жерасты әлемі: Қан соғысы

2016, Актер

Рейтинг: 7

Дауыс саны: 1

Қалауыңның барлығы

2015, Актер

Рейтинг: 6

Дауыс саны: 1

Элиза Грейвс

2014, Актер

Рейтинг: 7

Дауыс саны: 1

Періштенің бейнесі

2014, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Жерасты әлемі: Жандану

2012, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Жерасты әлемі: Эволюция

2005, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Жерасты әлемі

2003, Актер

Рейтинг: 9

Дауыс саны: 1