• Біздің парақшалар:
  • Кристен Стюарт

Еңбек жолы:
Режиссер, Актриса
Туған күні:
9 сәуір, 1990
Туған жері:
АҚШ
Өмірдерек:

Кристен Стюарт (Kristen Stewart) - Америка актрисасы, режиссер. Толық аты-жөні - Кристен Джеймс Стюарт (Kristen Jaymes Stewart), ол Лос-Анжелесте дүниеге келген.

Әкесі Джон Стюарт (Kristen Stewart) режиссер ассистенті, продюсер болып және Foх арнасында көптеген шоуларда директор болып қызмет атқарған.

Кристен алғаш рет сахнаға мектепте рождество қойылымында шыққан. Сол кезде ол агенттің көзіне түсіп, агент ата-анасымен байланысып, қыздың актерлікке қызығушылығына қолдау білдіруді сұраған. Бастапқыда ата-анасы қарсы болғанымен, кейін келісімін беріп, Кристен 8 жасынан бастап фильмдер мен сериалдардағы рөлдерге баулитын сабақтарға қатысады. 

Ол экранға алғаш рет 1999 жылы шықты. Кристен "Дисней" арнасының "Он үшінші жыл" (The Thirteenth Year) атты қойылымына түсті. Көпшілікке Стефани Майердің шығармасының желісімен түсірілген "Ымырт" фильмдер сериясындағы Белла Свон рөлімен танылды.

"Ымырт" сагасының түсірілімінде актер Роберт Паттинсонмен танысып, кейін екеуі кездесе бастайды. Тіпті екеуі үйленеді деген де хабар тарады. Алайда 2012 жылдан кейін екеуі қарым-қатынастарын үзіп тынды.

Паттинсонмен болған сәтсіз романтикалық қатынастан кейін өзін бисексуал ретінде көрсетіп жүр. 2016 жылы ол құрбысы Алиша Каргайлмен кездесіп жүргені белгілі болды.

Кристен Стюарт Америка тарихында француздың "Сезар" сыйлығын алған алғашқы актриса ("Зильс-Мария бұлттар" / "Clouds of Sils Maria").

Актерлік қабілетінен басқа Кристен гитарада ойнай алады.

 

Фотосурет: flickr.com; Сreative Сommons лицензиясы

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Чарлидің періштелері

2019, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Лиззи

2018, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Қоғамның қаймағы

2016, Актер

Рейтинг: 6

Дауыс саны: 2

Жеке сатып алушы

2016, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Ультраамерикалықтар

2015, Актер

Рейтинг: 5

Дауыс саны: 1

Теңдес

2015, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Ақшақар мен аңшы

2012, Актер

Рейтинг: 6

Дауыс саны: 1

Ымырт сагасы: Таң - 2 бөлім

2012, Актер

Рейтинг: 6

Дауыс саны: 1

Ымырт сагасы: Таң - 1 бөлім

2011, Актер

Рейтинг: 6

Дауыс саны: 1

Ымырт сагасы: Тұтылу

2010, Актер

Рейтинг: 7

Дауыс саны: 1

Ымырт сагасы: Жаңа ай

2009, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Ымырт

2008, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0