- Еңбек жолы:
- Актер, Продюсер
- Туған күні:
- 31 мамыр, 1976
- Туған жері:
- Ирландия
- Өмірдерек:
-
Колин Фаррелл (Colin Farrell) - ирланд актері, продюсер. Толық аты - Колин Джеймс Фаррелл (Colin Farrell).
Он екі жасында Фаррелл созылмалы ұйқысыздықпен ауырды. Он жеті жасында оқытушымен төбелескені үшін мектептен қуылды. Оқытушы оны сабақ үстінде ұйықтап жатқанын әшкерелеген, сол кезде көшірім сұраудың орнына, Фаррелл төбелес шығарған. Осы оқиғадан кейін ол достарымен бірге Австралияға бір жылға кетіп қалды.
Ол "Shamrock Rovers" клубының кәсіби футболшысы Имон Фаррелл мен Ританың отбасында дүниеге келген төртінші бала.
2003 жылы "People" журналы Фаррелді көзі тірі адамдардың ішіндегі ең әдемі 50 адамның қатарына кіргізді. Сол жылы "Company" журналы актерді әлемнің ең сексуалды еркектер рейтінгінде алтыншы орынға орналастырды.
2003 жылғы 12 қыркүйекте канадалық модель Ким Борднейв Колинге ұл тауып берді. Балаға Джеймс деген ат қойылды. Алайда жұп ажырасып кетті. 2007 жылы Фаррелл Джеймстің Ангельман синдромымен ауыратынын жариялады.
2005 жылдың желтоқсанында ауруды сездіртпейтін дәрілерге және рекреационды заттарға құмарлығынан арылу үшін оңалту клиникасына өз еркімен жатып шықты. Ресми деректер бойынша, Фаррелл арқасының ауруынан құтылу үшін ауру сезіртпейтін дәрі қолдана бастаған.
"Басбұзар" (Daredevil) картинасында ойнап жүріп кинода алғаш рет өзінің ирландиялық акцентін қолданды.
"Boyzone" атты ирландық бойс-бендтің құрамына өту үшін байқауға қатысты. Бірақ өтпей қалды.
Болашақ актердің анасы оның би сабағына қатысқанын қалады. Колин қатысқан би мектебінің негізін салушы оның ағасы болды. Клодин Фаррелл актердің жеке көмекшісі болып табылады.
Ол үйдегі төрт баланың кенжесі. Коллиннің ағасы мен екі әпкесі бар.
1997 жылы ол америкалық халық билерін орындайтын би тобында жұмыс істеді және бүкіл Ирландияны гастрольдік сапармен аралады.
2009 жылғы 7 қазанда Фаррелдің екі ұлы - Генри Тадеуш Фаррелл дүниеге келді. Баланың анасы - польшалық актриса және әнші Алиция Бахледа.
Фотосурет: flickr.com; Сreative Сommons лицензиясы
Үздік фильмдер:
Қатысқан фильмдері:
Дамбо2019, Актер |
Рейтинг: 10 Дауыс саны: 1 |
Жесірлер2018, Актер |
Рейтинг: 7 Дауыс саны: 1 |
Алданушы2017, Актер |
Рейтинг: 7 Дауыс саны: 1 |
Фантастикалық жануарлар және оларды қайдан табамыз2016, Актер |
Рейтинг: 7 Дауыс саны: 8 |
Ниеттестік2015, Актер |
Рейтинг: 0 Дауыс саны: 0 |
Нағыз детектив (сериал 2014 – ...)2014, Актер |
Рейтинг: 8 Дауыс саны: 1 |
Қысқы ертегі2014, Актер |
Рейтинг: 0 Дауыс саны: 0 |
Бір өлікке кем2013, Актер |
Рейтинг: 0 Дауыс саны: 0 |
Мистер Бэнксті құтқару2013, Актер |
Рейтинг: 6 Дауыс саны: 1 |
Эпик2013, Актер |
Рейтинг: 7,5 Дауыс саны: 2 |
Жексұрын бастықтар2011, Актер |
Рейтинг: 0 Дауыс саны: 0 |