• Біздің парақшалар:
  • Мұхаметқали Сатов

Еңбек жолы:
Сценарист
Туған күні:
29 маусым, 1961
Туған жері:
Қазақ КСР, КСРО
Өмірдерек:

Сатов Мұхаметқали Құсайынұлы - Қарағанды қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген.

Орта мектепті бітірген соң, 1978 жылы КСРО ІІМ Новосибирсктегі жоғары әскери училищесіне оқуға түсіп, 1982 жылы сәтті аяқтап шығады. 2013 жылы Көкшетау қаласындағы А. Мырзахметов атындағы университетті мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша аяқтайды, магистр.

1982-2002 жылдар аралығында взвод командирінен әскери бөлім командиріне дейінгі түрлі лауазымдарды қызмет атқарады.

1999-2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ІІм Ішкі әскерлері Қолбасшылығы Бас басқармасының Әскери кеңес хатшысы.

2005 жылдан 2013 жылдың мамырына дейін – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің Комитеті – Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығының Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар Бас басқармасының бастығы.

2013 жылдың 25 мамыры мен 2014 жылдың мамыры аралығынлда Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары.

2014 жылдың 20 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары.

КСРО және Қазақстан Республикасының 14 медалімен, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен наградталған.

Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері. Мемлекеттік басқару магистрі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен «генерал-майор» шені берілді.

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Қазбат

2019, Сценарист

Рейтинг: 7

Дауыс саны: 1