• Біздің парақшалар:
  • Асқар Наймантаев

Еңбек жолы:
Актер, Режиссер, Сценарист
Туған күні:
17 маусым, 1965
Туған жері:
Қазақ КСР, КСРО
Өмірдерек:

Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев - қазақ актері, режиссер, сценарийші, педагог.

1965 жылы 17 маусым күні Алматы облысы, Нарынқол ауылында, өнерлі от басында дүниеге келген. Әкесі Әбдіғалым Наймантаев "Нарынқол халық театрында" режиссер, ал, анасы Рафия Райжанова сол халық театрының актрисасы болып қызмет атқарған. Асқардың балалық өмірі сол театр іргесінде өтті.

Халық театр сахнасына ең алғаш М. Әуезовтың "Еңлік-Кебек" спектакліндегі Еңліктің баласының орнына жөргектегі кезінде шыққан. Өзі режиссерлық кәсіппен мектеп қабырғасында жүргенде айналыса бастады. Мектеп сахнасында 6-сыныптан бастап Қ. Жетпісбаевтің "Бала мерген", С.Жүнісовтың "Жаралы гүлдер" сияқты бірнеше спектаклді сахналады.

"Алматы театр және көркемсурет" институтында КСРО халық артисі Хадиша Бөкеева мен Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұловтың класында "театр және кино актері" мамандығы бойынша оқып, диплом алған соң Қазақтың М.О. Әуезов атындағы академиялық драма театрына жолдама алды. Театр сахнасында көптеген спектаклде басты рольдерді сомдады.

Қазақ эстрадасының сахнасында Асқар Наймантаев "Тамаша" ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танымал болды. Одан бөлек "Терісқақпай", "Аққу-Гәкку" комедиялық театрлары арқылы белгілі.

Алматы қаласында өзінің "Таланттар мектебін" ашып, онда жас ұрпақты өнерге баулуға еңбек етіп жатыр. Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясында ұстаздық етеді. 

 

Фотосурет: Қостанай таңы

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Детектив әже (мини-сериал)

2018, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0