• Біздің парақшалар:
  • Орынбасар Тазабеков

Еңбек жолы:
Актер
Туған күні:
7 қыркүйек, 1961
Туған жері:
Қазақ КСР, КСРО
Өмірдерек:

Орынбасар Қалықбайұлы Тазабеков 1961 жылы 7 қыркүйекте Талдықорған облысы Доланалы кентінде дүниеге келген. Ол әке-шешесінен ерте айырылған, сөйтіп, балалық шағын Қоғалы мектеп-интернатында өткізіп, орта мектепті де сонда бітіреді.

Өз қызметін 1978 жылы "Қоғалы" совхозында жұмысшы болып бастайды. Сол жерден М.О. Әуезов атындағы академиялық театрындағы студияға оқуға түседі. Оқуды бітіріп, 1980 жылы аталмыш театрға актер болып қабылданған. 

Сол жылдары Кеңестік Әскер қатарына шақырылады. Ауғанстандағы Кеңес әскерінде шектеулі контингент құрамында соғысқан. 117 жеке десанттар жасағында әскери санитарлық нұсқаушы болып тағайындалған, кейін медициналық санитарлық батальон старшинасы болған. Әйгілі Борис Төкенұлы Керімбаевтың командасымен, Шах-Масуд жасағына қарсы соғыс операциясына қатысқан. Сол соғыста жараланып, Ташкентте госпитальда емделеді. 1982 жылы көктемде елге оралады. 

1982-1986 жылдар аралығында Алматы Мемлекеттік көркем-театр институтында театр және кино актері бөлімінде оқыды. 1986-1987 жылдар аралығында Орталық қазақ телевизиясының директоры болып қызмет етті. 1987-1992 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы театрда актер, бас меңгеруші болып қызмет еткен. 

КСРО ыдырауынан кейін, 1992 жылы театрдан кетіп бизнеспен айналысуға мәжбүр болған. Осылайша, "Тараз" мейрамханалар желісін ашты. 2000 жылы Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің "Заңгер-құқықтанушы" мамандығын бітірген.

2006 жылы Қазақстанда бірінші болып, құрамында кинотеатр, ресторан, фитнес клуб, дүкен және диско-бары бар жекеменшік театр-кешені "Тазабеков театрын" ашты. 

 

Дереккөз: Alashainasy.kz

Фотосурет: Yvision

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Текетірес (мини-сериал)

2017, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Арнайы өкілдер (мини-сериал)

2015, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0