• Біздің парақшалар:
  • Бекболат Тілеухан

Еңбек жолы:
Актер
Туған күні:
7 тамыз, 1966
Туған жері:
Қазақ КСР, КСРО
Өмірдерек:

Бекболат Қанайұлы Тілеухан - әншіжыршыпедагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреатыДарын жастар сыйлығының иегеріҚазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсінің III және IV, VІ шақырылым депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті (2013 жылдың 24 желтоқсанынан бастап).

1966 жылы 7 тамызда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында туған.

Білімі жоғары, 1993 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «концерттік орындаушы» мамандығы бойынша,

1998 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университетін «инженер-металлург» мамандығы бойынша бітірген.

1996-2001 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті оркестірінің көркемдік жетекшісі.

2001-2002 жж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет комитетінің төрағасы.

2002-2004 жж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі.

2004-2007 жж. - ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2007-2011 жж. – ІV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012-2016 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап VІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

Үйленген, алты ұлы, бес қызы бар.

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Қазақ хандығы. Алтын тақ

2019, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Алмас қылыш

2016, Актер

Рейтинг: 7

Дауыс саны: 1

Қазақ хандығы (сериал 2017 - ...)

2016, Актер

Рейтинг: 6,5

Дауыс саны: 2