- Еңбек жолы:
- Актер, Режиссер, Сценарист, Продюсер
- Туған күні:
- 19 наурыз, 1952
- Туған жері:
- АҚШ
- Өмірдерек:
-
Харви Вайнштейн (Harvey Weinstein) - Америка продюсері, режиссер, актер, сценарийші.
Нью-Йоркта иудей отбасында дүниеге келген. Інісі - продюсер Боб Вайнштейн.
Университеттен кейін Харви продюсерлік қызметпен айналыса бастады. Бастапқыда 1970 жылдары рок-концерттер ұйымдастырумен айналысты. Інісі екеуі фильм өндірісін қолға алуды мақсат еткен еді. Сөйтіп екеуі "Miramax" компаниясын құрады. Компания ағайынды Вайнштейндердің ата-анасының есімдерінің құрметіне осылай аталған: Мириам және Макс. Бастапқыда "Miramax" тәуелсіз коммерциялық емес кино өндіретін компания ретінде ойластырылды.
1993 жылы "Miramax" компаниясы"The Walt Disney Company" студиясына сатылды. Бірақ ағайынды Вайнштейдердің қойған шартына сәйкес, олар компания басшылығында қалды.
1999 жылы "Ғашық Шекспир" ("Shakespeare in Love") фильмі үшін "Үздік фильм" номинациясы бойынша продюсер ретінде "Оскар" алды.
2005 жылы олар "Miramax"-ты тастап, "The Weinstein Company" компаниясын құрды.
Фотосурет: Hollywood Reporter
Үздік фильмдер:
Қатысқан фильмдері:
Қызғалдақ індеті2017, Продюсер |
Рейтинг: 0 Дауыс саны: 0 |
Арыстан2016, Продюсер |
Рейтинг: 0 Дауыс саны: 0 |
Жаман Санта2003, Продюсер |
Рейтинг: 0 Дауыс саны: 0 |