• Біздің парақшалар:
  • Қапан Бадыров

Еңбек жолы:
Актер, Режиссер
Туған күні:
20 қыркүйек, 1904
Туған жері:
Ресей империясы
Өмірдерек:

Қапан Оралұлы Бадыров (21.9.1904 жылы туылған, қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы Табын ауылы) — актер, Қазақстанның халық артисі (1942), Қазақ театрының іргесін қаласқан өнер саңлақтарының бірі.

1-басқышты ауыл мектебін бітіргеннен кейін, 1922—25 жылы Қазақ халық ағарту институтынында (Орынбор) оқыған. Сондағы көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысып, 1922 жылы Б. Майлиннің “Бетім-ау, құдағи” аталатын шағын пьесасында Айқын келіншектің рөлін ойнап шыққан.

1925 жылы жаңадан ұйымдастырылып жатқан Қазақ драма театрына шақырылады. 1926 жылы Қазақ драма театры гастрольге кеткенде, Бадыров жолдамамен Алматы мал дәрігерлік техникумына оқуға жіберіледі. Онда оған жастар театрының көркемдік жағын басқару ісі тапсырылып, М. Әуезовтің “Қарагөз”, “Еңлік—Кебек”, Ө. Оспановтың “Зарлық”, Ә. Сұлтановтың “Дариға-Қайдар”, татар Жазушысы Фахти Бурнаштың “Яш юряклар” спектакльдерін қойып, өзі де рөлдерде ойнады.

1931 жылы Қазақ драма театрына қайта оралады. Алғашқы көрнекті рөлі — М. Тригердің “Сүңгуір қайығындағы ” Игорь Оленин.

М. Әуезовтің “Абай” романының инсценировкасындағы Абай рөлі үшін КСРО мемлекеттік сыйлығының берілген (1952). Б. 1940—1941 жылы режиссурамен де айналысып, Ә. Әбішевтің “Жолдастарын” сахнаға шығарды. Кинода Қаратай (“Амангелдіде”), Айдар, Сырттан (“Абай әнінде”), Көреген (“Алып туралы аңызда”), Сәрсен (“Өмір жолында”) рөлдерін ойнаған. Бабыровтың “Өткендер мен өткелдер” (1974), “Естен кетпес есімдер” (1981), “Театр, моя судьба” (1987) деген естелік кітаптары, көптеген мақалалары жарық көрді.

Екі рет Еңбек Қызыл Ту, “Халықтар достығы” ордендерімен марапатталған. 

2000 жылы қайтыс болды

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Алдар Көсе

1964, Актер

Рейтинг: 1

Дауыс саны: 1

Жамбыл

1952, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Алтын мүйіз

1948, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Абай әндері

1945, Актер

Рейтинг: 1

Дауыс саны: 1

Боевой киносборник №12

1942, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Песнь о великане

1942, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Амангелді

1938, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0