- Еңбек жолы:
- Актер, Режиссер, Сценарист, Продюсер
- Туған күні:
- 7 сәуір, 1954
- Туған жері:
- Қытай
- Өмірдерек:
-
Джеки Чан (Jackie Chan) - Атақты әртіс, каскадер, кинорежиссер, продюсер, сценарист, әнші.
Джеки Чан 1954 жылы 7 сәуірде Гонконг қаласында кедей отбасында дүниеге келген. Оның шын есімі Конг-Санг Чан, Гонконгтан шыққан деген мағынаны білдіреді. Ата-анасы тақыр кедей болғандықтан, болашақ әртіс бала күнінде аштықты талай бастан кешкен. Кейін ата-анасына жұмыс табылып, Австралияға қоныс аударғанда, 6 жасар Джеки отанында қалып, Қытай жабық драма академиясына оқуға қабылданады. Ол кезде академия оқушылардың ата-анасымен шарт жасасып, егер бала әлдеқалай жарақат алып немесе қайтыс болып кеткен жағдайда оқу орны жауап бермейтінін мәлімдейді екен. Сөйтіп, тағдыр тәлкегіне қалған ол академиядағы нағыз қатаң тәртіптің тезіне түсіп, таңғы 5-тен тұрып, 16-17 сағат бойына созылатын тынымсыз жаттығулардың шыңдалуынан өтеді.
1971 жылы академияны бітіріп, кинодағы жолын каскадерліктен бастаған қайтпас қайсар Джеки Чан актерлік өмірде де небір аса қауіпті трюктерді өзі орындап, басын талай қатерге тіккен. Екі омыртқасын, мұрнын, аяғы мен қолын да талай сындырып, кеңірдегін жаралап, көзінен де айырылып қала жаздаған. Тіпті бас сүйегін де сындырып, өлімнен қалғанын жұрт біле бермейді.
Сонымен қатар Джеки Чан әнші, көптеген киноларындағы әндерді өзі орындаған, 80 жылдардан бастап қазіргі күнге дейін 20 альбомды әндер жинағын шығарған.
2016 жылы Джеки Чан кинематографқа қосқан зор үлесі үшін құрмет "Оскарын" алды.
Дереккөз: kk.wikipedia.org
Фотосурет: commons.wikimedia.org
Үздік фильмдер:
Қатысқан фильмдері:
Айдаһар мөрінің құпиясы2019, Актер, Продюсер |
Рейтинг: 7 Дауыс саны: 1 |
Жат елдік2017, Актер, Продюсер |
Рейтинг: 7 Дауыс саны: 1 |
Кунг-фу Йога2017, Актер, Продюсер |
Рейтинг: 0 Дауыс саны: 0 |
Жаңғақты жұмыс 2: Табиғат дәмі2017, Актер |
Рейтинг: 0 Дауыс саны: 0 |
ЛЕГО Ниндзяго Фильм2017, Актер |
Рейтинг: 0 Дауыс саны: 0 |
Кунг-фу Панда 32016, Актер |
Рейтинг: 8 Дауыс саны: 1 |
Із қуу2016, Актер, Продюсер |
Рейтинг: 8 Дауыс саны: 1 |
Қытай зодиагы2012, Актер, Режиссер, Сценарист, Продюсер |
Рейтинг: 0 Дауыс саны: 0 |
Кунг-фу Панда 22011, Актер |
Рейтинг: 7 Дауыс саны: 12 |
Кунг-фу Панда2008, Актер |
Рейтинг: 9 Дауыс саны: 9 |
Құдайдың сауыты 2: Кондор операциясы1991, Актер, Режиссер, Сценарист |
Рейтинг: 0 Дауыс саны: 0 |
Құдайдың сауыты1986, Актер, Режиссер |
Рейтинг: 8 Дауыс саны: 1 |