• Біздің парақшалар:

"Тақтар ойыны" - жылдың ең көп жүктелген сериалы

"Тақтар ойыны" ("Game of Thrones") 2012 жылдың ең көп жүктелген сериалы болды. Торрент-трекер қолданушылары аталған телесериалдың бір эпизодын 4,28 миллион рет жүктеп алған.

Бұндай көрсеткіш "Тақтар ойынын" теледидардан көрген адам санынан да асып кетіп отыр. Мысалы, рекорд жасады деп аталған екінші маусымның соңғы эпизоды экран алдына 4,2 миллион көрермен жинаған еді. 

"Тақтар ойыны" әсіресе Австралияның интернет-қарақшылары арасында танымал екен. Өйткені, бұл елде сериалдың әрбір эпизоды АҚШ-қа қарағанда бір аптаға кеш шығады. 

Сонымен, TorrentFreak сайты жасаған рейтингке сәйкес, 2012 жылы Интернеттен ең көп жүктелген сериалдардың үздік ондығы төмендегідей (жақша ішінде жүктелу саны көрсетілген):

  1. "Тақтар ойыны" / "Game of Thrones" (4,28 миллион)
  2. "Декстер" / "Dexter" (3,85 миллион)
  3. "Үлкен жарылыс теориясы" / "The Big Bang Theory" (3,2 миллион)
  4. "Сендердің аналарыңды қалай кездестірдім?" / "How I Met Your Mother" (2,96 миллион)
  5. "Өте нашар" / "Breaking Bad" (2,58 миллион)
  6. "Тірі өліктер" / "The Walking Dead" (2,55 миллион)
  7. "Отан" / "Homeland" (2,4 миллион)
  8. "Доктор Хаус" / "House, M.D." (2,34 миллион)
  9. "Шекара" / "Fringe" (2,28 миллион)
  10. "Революция" / "Revolution" (2,13 миллион)

 

Дереккөз: TorrentFreak.com

Сурет: "Тақтар ойыны" постерінен қиынды

Пікірлер