• Біздің парақшалар:

Софи Тернер "Франкенштейн" авторын сомдайды

Софи Тернер

"Франкенштейн" романының авторы Мэри Шелли туралы өмірбаян-фильм түсірілетін болды. Басты рөлді "Тақтар ойыны" сериалындағы Санса Старк образымен белгілі Софи Тернер сомдайды.

Сюжетте жас әйелдің өзінің атақты романын жазу тарихы баяндалмақ.

С. Тернерден бөлек фильмге Таисса Фармига және Джереми Ирвин түседі. Режиссер ретінде британдық Коки Гидройчтың есімі аталуда. 

"Франкенштейн, немесе заманауи Прометей" ("Frankenstein: or, The Modern Prometheus") шығармасын жазған кезде Мэри Шелли 18 жаста болған екен. Бұл туынды ғылыми-фантастикалық көркем әдебиеттің алғашқы өкілі болып есептеледі. 

 

Дереккөз: kinonews.ru

Фотосурет: flickr.com; Creative Commons лицензиясы

Пікірлер