• Біздің парақшалар:

Анджелина Джолидің фильміне Брэд Питт түседі

"Mr. & Mrs. Smith" (2005) фильмінен кадр

Анджелина Джоли мен Брэд Питт тағы да бір фильмге түседі. "Теңізде" ("By the Sea") деп аталатын кинокартинаға Джолидің өзі режиссер болады.

Жобаны Universal Pictures студиясы қаржыландырмақ. Фильмнің сценарийін Анджелина Джоли жазып шыққан.

Қазір оның "Қайсар" тарихи драмасы прокатқа әзірленуде. Ал жаңа фильмнің түсірілімі осыдан кейін басталады деп айтылуда.

Анджелина Джоли мен Брэд Питт осыған дейін "Мистер және миссис Смит" боевигіне бірге түскен болатын.

 

Дереккөз: The Hollywood Reporter

Пікірлер