• Біздің парақшалар:

"А зори здесь тихие" фильміне ремейк жасалады

"А зори здесь тихие" (1972) фильмінің постері

"А зори здесь тихие" ("Бұл жердің таңы тыныш") атты Кеңес заманының белгілі фильміне ремейк жасалатын болды. Жаңа нұсқаны Ренат Давлетьяров түсіреді.

Түсірілім биыл шілдеде басталады. Ал премьерасы Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай, 2015 жылғы көктемге жоспарланған. Ремейкте Пётр ФёдоровАнастасия Микульчина, Евгения МалаховаЕкатерина ВилковаАндрей МерзликинДарья Мороз секілді актерлер ойнайды. 

Борис Васильевтің 1969 жылы жарық көрген "А зори здесь тихие..." повесті Ұлы Отан соғысы кезіндегі бес жауынгер қыздың қайғылы тағдырын баяндайды. Соның негізінде 1972 жылы Станислав Ростоцкийдің екі бөлімнен тұратын экранизациясы шыққан еді.

 

Дереккөз: РИА Новости

Пікірлер