• Біздің парақшалар:

Суперқаһарман Доктор Стрэндж туралы фильм шығады

Скотт Дерриксон

Marvel-дің тағы бір суперқаһарманы туралы фильм жасалады. Доктор Стрэнджге арналған жобаны режиссер Скотт Дерриксон қолға алыпты.

Фильмнің қашан прокатқа шығатыны белгісіз. Бірақ 2016-2017 жылдары жарық көреді деген болжам бар.

"Doctor Strange" фильмінің постері

Доктор Стрэндж - Marvel әлемінің суперқаһарманы. Нейрохирург болып жүріп, ауыр апатқа ұшырайды. Нәтижесінде қолынан ауыр жарақаттанып, медицинамен қош айтысады. Ол сиқыр құпияларын ашу мақсатымен саяхатқа аттанады. Көп кешікпей Жердің ең құдіретті сиқыршыларының біріне айналады.

Скотт Дерриксон көпшілікке "Синистер" ("Sinister"), "Эмили Роузды жыннан арылту" ("The Exorcism of Emily Rose") секілді үрейлі фильмдерімен белгілі.


 Дереккөз: kinonews.ru

Фотосурет: Скотт Дерриксонның Туиттер парақшасынан, Постер: Кинопоиск

Пікірлер