• Біздің парақшалар:

Ә. Ержановтың "Құрылысшылары" Ресейде үздік шықты

"Құрылысшылар" фильмінен кадр

Әділхан Ержановтың "Құрылысшылар" ("Строители") фильмі Ресейдің Барнаул қаласында өткен 5-ші "Киноликбез" халықаралық авторлық кино фестивалінде "Үздік толықметражды фильм" атағын жеңіп алды.

Сондай-ақ, тағы бір отандық фильм - Евгений Лумповтың "Новый свет" туындысы "Үздік киноэссе" номинациясында жеңіске жетті.

Кинофорум 2014 жылы 14-17 мамыр аралығында өткен болатын. Шараның Гран-При - "Алтын Жан-Люк" жүлдесін ресейлік Дмитрий Майоровтың "Девушка с флагом" ("Жалау ұстаған қыз") кинокартинасы алды. 

"Құрылысшылар" небәрі 10 мың долларға түсірілген фильм. Сюжетте ата-анасыз қалған ағалы-інілі мен қарындас туралы баяндалады. Қолдарында бар жер учаскесінен жаңа заңға байланысты айырылу қаупі төнеді. Сол себепті олар өз күштерімен тездетіп сол жерге баспана тұрғызуға кіріседі. Үйдің іргетасын қалағаннан кейін полицей келіп, тағы да заң өзгергенін айтады. Ағайындылар үшін сәтсіз хабарлар келе береді, бірақ олар жер телімі үшін күрестерін тоқтатпайды.

Әділхан Ержановтың туындысы осыған дейін Филиппинде өткен халықаралық фестивальде Гран-при жеңіп алған еді.

 

Дереккөз: Киноликбез

Пікірлер