• Біздің парақшалар:

Зак Снайдер "Әділет лигасын" түсіреді

Зак Снайдер "Әділет лигасы" ("Justice League") жобасына режиссер болып бекітілді. Болашақ фильм DC Comics-тің танымал қаһармандарының басын біріктірмек.

Айта кетелік, Снайдер осыған дейін Супермен туралы "Болат адам" кинотуындысын түсірген еді. Сондай-ақ, "Бэтмен Суперменге қарсы" ("Batman vs. Superman") жобасын 2016 жылы жарыққа шығармақ. Ал, "Әділет лигасы" Marvel студиясының "Кек алушылар" фильміне жауап ретінде өз суперқаһармандарын біріктіреді. 

Фильмнің қашан жарыққа шығатыны белгісіз, бірақ 2020 жылдан бұрын іске аспайды деп айтылуда.

 

Дереккөз: kinonews.ru

Сурет: kinopoisk.ru

Пікірлер