Ә. Ержановтың фильмі 67-ші Канн фестивалінде
Әділхан Ержановтың "Үкілі кәмшат" ("Хозяева", "The Owners") фильмі биылғы 67-ші Канн кинофестивалінде көрсетілетін болды. Картина форумның "Арнайы көрсетілім" бағдарламасына енген.
Канн халықаралық фестивалі 2014 жылы 14-25 мамыр аралығында өтеді. Биыл негізгі жүлде - "Алтын пальма бұтағы" үшін 18 фильм таласады. Кинофорумның өзі басты рөлде Николь Кидман ойнаған "Монаколық Грейс"("Grace of Monaco") фильмімен ашылады.
Тағы бір отандық туынды - Марғұлан Қапашевтің "Еркін құстар" ("Вольные птицы") қысқаметражды фильмі биылғы Short Film Corner бағдарламасы аясында көрсетілмек.
Дереккөз: Today.kz
Пікірлер