• Біздің парақшалар:

Еркін Рақышевтің "М-Агент" хорроры 3 сәуірде шығады

"М-Агент" фильмінің постері

Еркін Рақышевтің "М-Агент" үрейлі картинасы 2014 жылы 3 сәуірде Қазақстан прокатына шықпақ.

Фильмде ауқатты отбасынан шыққан студенттер туралы баяндалады. Бірде олар түнде қыдырыстан келе жатып, жол бойында бір қызды қағып кетеді. Достар құрбанның денесін қылы сыртына шығарып, тастап кетеді. Осыдан кейін әлгі достар бірінен соң бірі белгісіз себептермен өле бастайды. 

Осы кезде қалада маньяк пайда болғаны туралы қауесет тарайды. Ол "Агент" мессенджері арқылы адамдармен танысып, кейін соларды өлтіреді екен. Бұл іске полиция мен бір журналист араласады. Басты кейіпкерлер бастары бәлеге қалғанын түсінеді, бірақ бәрі кеш еді.

Сценарийді Еркін Рақышевтің өзі жазған. Басты рөлдерде Зәуре Көпжасарова, Гүлшарат Жұбаева, Жасұлан Молдақұл, Дина Тасболатова ойнайды.

Еске сала кетелік, "М-Агент" хорроры 2013 жылы ІХ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында таныстырылған еді.

Ресми трейлері:

 

Дереккөз: arman3d.kz

Пікірлер