• Біздің парақшалар:

Киноакадемиктер "Құлдықтағы 12 жылды" көрмеген

"12 Years a Slave" фильмінің тұсқағаз суреті

Америка киноакадемиясының кейбір мүшелері "Оскар 2014"-тің үздік фильмі - "Құлдықтағы 12 жыл" тарихи драмасын мүлдем көрмеген болып шықты. 

LA Times басылымының тілшілері кейбір киноакадемиктермен тікелей сөйлесіп көрген екен. Әңгіме нәтижесінде белгілі болғандай, кейбір дауыс берушілер "Құлдықтағы 12 жыл" фильмін көрмесе де, соған қолдау білдірген. Бұндай шешімді олар жобаның әлеуметтік үлкен маңызын ескере отырып қабылдапты. 

Биылғы 86-шы "Оскар" сыйлығында Стив МакКуинің картинасы "Үздік фильм" атанғаны белгілі. Сондай-ақ, онда негізгі рөлдердің бірін сомдаған Лупита Нионго "Екінші пландағы үздік актриса", ал фильмнің сценарийімен айналысқан Джон Ридли "Үздік бейімделген сценарий" номинацияларын жеңіп алды.

Айта кетелік, "Оскар" иегерлеріне дауыс беретін 6000-нан астам Киноакадемия мүшесі бар.

 

Дереккөз: kinonews.ru

Пікірлер