• Біздің парақшалар:

Джонни Депп ойнайтын фантастиканың сюжеті

Біз бұған дейін басты рөлде Джонни Депп ойнайтын "Transcendence" ("Артықшылық") деген фантастикалық жоба туралы жазған болатынбыз.  Енді осы болашақ фильмінің сюжеті белгілі болды. Фильмді Уолли Фистер түсіреді. Бұл оның алғашқы режиссерлік жұмысы болмақ. Осыған дейін ол Кристофер Ноланның фильмдерінде қоюшы-оператор қызметін атқарып келген еді.

Сонымен жаңа жобаның сюжетінде саналы компьютер жасау туралы сөз болады. Депптің кейіпкері - Уилл есімді ғалым. Ол оқыс оқиғадан қайтыс болғаннан кейін, оның миындағы сана-сезімі компьютерге жүктеледі. Сөйтіп өздігінен адамша ойлап, шешім қабылдай алатын алғаш машина жасалады.

Сюжетке қатысты ақпаратты фильмді қаржыландыратын Warner Bros. өкілдері әзірге растаған жоқ. Картинаға Кристофер Нолан продюсерлік етпек. Түсіру жұмыстары 2013 жылы басталады деп жоспарланған.

 

 

Дереккөз: The Wrap
Фотосурет: fotopedia.com; Сreative Сommons лицензиясы

 

Пікірлер

  • Депптің сыған рөлінде ойнаған "Шоколад" фильмін таңдаулылардың қатарына қосып қойғанмын. Ал бұл фильмде ғалымның әйелі ретінде Рунни Мараның ойнағанын қалаймын.