• Біздің парақшалар:

А. Әшімов сөзінің бұрмаланғанына өкпелі

Асанәлі Әшімов

Асанәлі Әшімов өзінің "Өкініш" фильміндегі рөліне қатысты сөзін журналистер бұрмалады деп мәлімдеп отыр. 

Еске сала кетелік"Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында, әртіс аталған кинотуындыға қалай тап болғанын былай түсіндірген енді:

- Ол былай болды. Қайраттың шешесі өте пысық адам екен. Маған келіп, «Асанәлі аға, мына балама бата берсеңіз», деді. Е, берсем берейін деп аз сөзбен тілегімді айттым. Аппаратурасымен түсіріп жатқан. Отбасының шаруасы шығар дедім де қойдым. Соны фильмге кіргізіп жіберіпті ғой. Әйтпесе, Қайрат Нұртас арқылы атымды шығарып қайтейін.

Бірақ, Асанәлі Әшімов "Хит ТВ" арнасына жоғарыда айтылған сөздің жалған екенін айтқан:

- ... Газеттер болмаған нәрсені жазып жатқанына мен қарсымын, - дейді ардагер актер. Қайрат Нұртас та, оның продюсер-анасы Гүлзира Айдарбекова да журналистердің расталмаған ақпаратты таратқанына наразылықтарын білдіріп отыр.

"Хит ТВ" арнасы осы мәселенің ақ-қарасын анықтап көрген екен. Телеарна жасаған сюжетті ұсынамыз:

 

Фотосурет: art.gazeta.kz

Пікірлер