"Алтын глобус 2014" жеңімпаздары
Бүгін АҚШ-та Голливуд шетелдік баспасөз ассоциациясы (HFPA) тағайындайтын 71-ші "Алтын глобус" жүлдесін табыстау салтанатты шарасы өтті. Негізгі номинациялардың иегерлерін назарларыңызға ұсынамыз.
Кино саласындағы жеңімпаздар:
Үздік драматикалық фильм: "Құлдықтағы 12 жыл" (12 Years a Slave / 12 лет рабства);
Үздік комедия немесе мюзикл: "Америкалық сергелдең" (American Hustle / Афера по-американски);
Драматикалық фильмдегі үздік актер: Мэттью МакКонахи - "Далластың сатып алушылар клубы" (Dallas Buyers Club / Далласский клуб покупателей);
Драматикалық фильмдегі үздік актриса: Кейт Бланшетт - "Көгілдір көзді Жасмин" (Blue Jasmine / Жасмин)
Комедия немесе мюзиклдағы үздік актер: Леонардо ДиКаприо - "Уолл-стрит қасқыры" (The Wolf of Wall Street / Волк с Уолл-стрит);
Комедия немесе мюзиклдағы үздік актриса: Эми Адамс - "Америкалық сергелдең" (American Hustle / Афера по-американски);
Екінші пландағы үздік актер: Джаред Лето - "Далластың сатып алушылар клубы" (Dallas Buyers Club / Далласский клуб покупателей);
Екінші пландағы үздік актриса: Дженнифер Лоуренс - "Америкалық сергелдең" (American Hustle / Афера по-американски);
Үздік режиссер: Альфонсо Куарон - "Гравитация" (Gravity);
Үздік сценарий: Спайк Джонс - "Оныкы" (Her / Она);
Шет тіліндегі үздік фильм: "Таңғажайып сұлулық" (La grande bellezza / Великая красота);
Үздік анимациялық фильм: "Суық" (Frozen / Холодное сердце);
Үздік музыка: Алекс Эберт - "Бәрі құрыды" (All Is Lost / Не угаснет надежда);
Үздік ән: "Ordinary Love", U2 - "Мандела: Бостандыққа апарар ұзақ жол" (Mandela: Long Walk to Freedom / Долгая дорога к свободе).
Телевидение саласындағы жеңімпаздар:
Үздік драматикалық сериал: "Жанкешті" (Breaking Bad / Во все тяжкие);
Драматикалық сериалдағы үздік актер: Брайан Крэнстон - "Жанкешті" (Breaking Bad / Во все тяжкие);
Драматикалық сериалдағы үздік актриса: Робин Райт - "Картадан тұрғызылған үй" (House of Cards / Карточный домик);
Үздік комедия немесе мюзикл сериал: "Бруклин 9-9" (Brooklyn Nine-Nine);
Комедия немесе мюзикл сериалдағы үздік актер: Энди Сэмберг - "Бруклин 9-9" (Brooklyn Nine-Nine);
Комедия немесе мюзикл сериалдағы үздік актриса: Эми Полер - "Саябақтар мен демалыс орындары" (Parks and Recreation / Парки и зоны отдыха);
Үздік телефильм немесе мини-сериал: "Шырағданның артында" (Behind the Candelabra / За канделябрами);
Телефильмдегі немесе мини-сериалдағы үздік актер: Майкл Дуглас - "Шырағданның артында" (Behind the Candelabra / За канделябрами);
Телефильмдегі немесе мини-сериалдағы үздік актриса: Элизабет Мосс - "Көлдің үсті" (Top of the Lake / Вершина озера).
"Алтын глобус 2014" жүлдесі иегерлерінің толық тізімін ресми сайттан біле аласыздар.
Пікірлер