• Біздің парақшалар:

"Тақтар ойыны" - 2013 жылдың ең көп жүктелген сериалы

Torrent Freak басылымы 2013 жылы торренттер арқылы ең көп жүктелген сериалдардың рейтингін жария етті. Тізімді "Тақтар ойыны" ("Game of Thrones") бастап тұр. Оның соңғы шыққан сериясын бір апта ішінде 5,9 миллион рет түсіріп алған.

Екінші орында ақырғы бөлімі 4,2 миллион рет жүктелген "Жанкешті" ("Breaking Bad") тұр. 3,6 миллион рет алынған "Тірі өліктер" ("The Walking Dead") телешоуы үшінші орында.

Әрі қарай көп жүктелген тележобалар рейтингі төмендегідей орналасқан: 

4. "Үлкен жарылыс теориясы" ("The Big Bang Theory") - 3,4 миллион рет жүктелген.

5. "Декстер" ("Dexter") - 3,1 миллион рет жүктелген.

6. "Сендердің аналарыңды қалай кездестірдім?" ("How I Met Your Mother") - 3 миллион рет жүктелген.

7. "Қуыну" ("Suits") - 2,6 миллион рет жүктелген.

8. "Отан" / "Homeland" - 2,4 миллион рет жүктелген.

9. "Викингтер" ("Vikings") - 2,3 миллион рет жүктелген.

10. "Жебе" ("Arrow") - 2,2 миллион рет жүктелген.

Былтыр да "Тақтар ойыны" ("Game of Thrones") 2012 жылдың ең көп жүктелген сериалы болған еді.

 

Дереккөз: torrentfreak.com

Пікірлер