• Біздің парақшалар:

2013 жылдың ең кассалы фильмдері жарияланды

"Iron Man 3" фильмінің бейнесі

IGN басылымы 2013 жылы ең көп табыс тапқан фильмдердің үздік ондығын жария етті. Рейтинг басында әлемдік прокаттан 1,2 миллиард доллар жинаған "Темір адам 3" фильмі тұр.

Үздік ондыққа келесі фильмдер енді:

2. "Жексұрын мен 2". Әлемдік табысы: $918.4 миллион.

3. "Форсаж 6". Әлемдік табысы: $788.7 миллион.

4. "Монстрлар университеті". Әлемдік табысы: $743.6 миллион.

5. "Аштық ойындары: Тұтанған от". Әлемдік табысы: $738.3 миллион.

6. "Болат адам". Әлемдік табысы: $662.8 миллион.

7. "Гравитация". Әлемдік табысы: $642.5 миллион.

8. "Тор: Түнек әлем". Әлемдік табысы: $621.6 миллион.

9. "Крудс". Әлемдік табысы: $587.2 миллион.

10. "Дүниежүзілік соғыс Z". Әлемдік табысы: $540 миллион.

Пікірлер

  • "Темір адам-3"-ті бастап, соңына дейін көрмедім. Қысқасы, ұнамады. Жексұрын мен-2-ні әлі көрмедім. "Дүниежүзілік соғыс Z"-ті жарты миллиардтан артық ақша жинауға лайық емес еді.. Б. Питт болған соң, адамдар тартылған. "Тор. Түнек әлем" тұрмақ, соның "Торды" да көрмегенмін. Гравитация - мықты. "Аштық ойындары: Тұтанған от"-қа келсем, бұ бөлімі жай ғана жаңа деңгейге өту болды. Яғни, фильм басқа бағытта өрбуге мүмкіндік алды. Көпір іспеттес. Қызығы алда.