• Біздің парақшалар:

"Құрылысшылар" фильмі Филиппинде Гран-при алды

Фильмнен кадр

Әділхан Ержановтың "Құрылысшылар" ("Строители") фильмі Филиппинде өткен халықаралық фестивальде Гран-при жеңіп алды.

"Құрылысшылар" небәрі 10 мың долларға түсірілген. Сюжетте ата-анасыз қалған ағалы-інілі мен қарындас туралы баяндалады. Қолдарында бар жер учаскесінен жаңа заңға байланысты айырылу қаупі төнеді. Сол себепті олар өз күштерімен тездетіп сол жерге баспана тұрғызуға кіріседі. Үйдің іргетасын қалағаннан кейін полицей келіп, тағы да заң өзгергенін айтады. Ағайындылар үшін сәтсіз хабарлар келе береді, бірақ олар жер телімі үшін күрестерін тоқтатпайды.

Кинокартина осыған дейін бес халықаралық кинофестивальға қатысқан.

 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Фотосурет: brod.kz

Пікірлер