• Біздің парақшалар:

Тарантиноның фильмі ұлт игілігі деп танылды

"Pulp Fiction" фильмінің бейнесі (1994)

Америкада ұлт игілігі деп танылған фильмдердің кезекті тізімі жарияланды. Ұлттық тізімге енетін картиналардың ішінде Квентин Тарантиноның 1994 жылғы "Қойыртпақ шығармасы" ("Pulp Fiction") да бар.

Айта кетелік, АҚШ қоғамы үшін үлкен мәдени және тарихи құндылыққа ие деп танылған 25 фильм жыл сайын іріктеледі. Олардың таспадағы және цифрлық көшірмелері болашақ ұрпақ пен зерттеушілердің игілігі үшін мәңгілік сақтауға жіберіледі. 

Биыл таңдалған кинокартиналардың толық тізімін АҚШ Конгресі кітапханасының сайтынан біле аласыз.

Пікірлер