• Біздің парақшалар:

Көкпар туралы "Дода" фильмі шықты

Трейлерден алынған скриншот

Қазақтың көкпар ойынына қатысы бар "Дода" көркем фильмі жарық көрді. "Шапағат Сервис" компаниясының және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы өндірген картинаның режиссері - Елдар Қапаров

Кинотуындының сюжеті көкпар төңірегінде өрбиді. Сәйгүлік мінген спортшылар бірталай ұрлыққа барады. Басты кейіпкер – Нұрлан қылмысты ашудың соңы неге әкеп соғатынына мән берместен, шытырман істің ақ-қарасын айыруға кіріседі.

Рөлдерде Нышанбек Жұбанаев, Еркебұлан ДайыровАйгерім ҚұламбаеваАйдос Бектеміров, т.б. актерлер ойнайды. Сценарий авторы және продюсері - Артықбек Болғанбаев.

"Фильмнің басты идеясы – ұлттық ойынымыз – көкпар мен отбасы құндылықтарын дәріптеу болып табылады. Біз құқық қорғау органдарының нақты түсірілімдерін пайдала отырып детективті сюжет жасауды шештік. Сондай-ақ, жолдағы ірі қылмыстар, үлкен жүк көліктерін тонаудың қойылымдық түсірілімдері жүргіздік. Фильмнің соңына дейін жасалған қылмыстардың нақты  ұйымдастырушысының кім екенін тарқатпаймыз. Кинотуындыда махаббат та, спортта та, шынайы достық та бейнеленеді. Режиссер ретінде мен үшін техникалық жұмыстар қызғылықты болды, өйткені жұмыстың  90 % ашық аспан астында жүргізілді. Адамдармен қатар, жануарлармен бір уақытта жұмыс жүргізу күрделі болды. Фильм көрермендердің көңілінен шығады деген ойдамын", – деді өз пікірімен бөліскен фильмнің режиссері Елдар Қапаров. 

"Дода" фильмінің премьерасы 2014 жылғы қаңтардың аяғы – ақпанның басына белгіленген.

Трейлер:

 

Дереккөз: nurotan.kz

Пікірлер