• Біздің парақшалар:

Дулат Исабековтың "Әпкесі" сериалға айналды

2012 жылғы 9 желтоқсаннан бастап Дулат Исабековтың белгілі пьесасының негізінде түсірілген "Әпке" сериалы телеэкранға шығады.

Туындыда ата-анасынан ерте айырылған бір отбасындағы бес баланың басқа түскен қиындықтарға мойымай, өмірден өз орындарын тапқаны баяндалады. Бір ата, бір анадан туса да, мінездері әрқилы ұл-қыздарды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, бағып-қаққан шаңырақтың үлкені Қамажай - бауырларының бақыты үшін өмірлік қызығынан бас тартып, соңынан ерген іні-сіңілілерінің жолына барлығын құрбан етуге даяр мейірімді жан. Өрімдей ұл-қызға әке мен шешені жоқтатпаған әпкенің еңбегі еш кетпейді.

"Әпке" телехикаясының бас продюсері - Батырхан Сазаханов, қоюшы режиссері - Мұрат Бидосов, сценариін жазғандар - Жәмит Көшербаев, Асхат Сағынай, Арман Сқабылұлы, Ақмоншақ Ахмет. Рөлдерді Рита Күмісқалиева, Қуаныш Керімқұлов, Дарын Шыныбек, Айдана Асқар, Әли Тұрсынханов, Бақытжан Әлпейісов, Шынар Асқарова, Ерлан Біләл, Айзада Сатыбалдиева, Жалғас Толғанбай сомдайды.

16 бөлімнен тұратын "Әпке" сериалы "Қазақстан" арнасынан 9 желтоқсаннан бастап 21:50-де көрсетіледі.

ТВ роликтер:

 

Дереккөз: kaztrk.kz

Пікірлер