• Біздің парақшалар:

Қазақша "Ұстаз" сериалы шығады

2013 жылғы 3 желтоқсаннан бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Ұстаз» атты жаңа отандық телесериал көрсетіледі.

Көп сериялы «Ұстаз» телефильмі Қазақстандағы тәрбиелік жүйе туралы ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тақырыбын да қозғайды.

Сюжетте қала типтес ауылдардың біріне мектеп салынып, педагогикалық институтты қызыл дипломмен бітірген Салтанат есімді бойжеткен осы білім ордасына жұмыс істеуге шақырту алады. Осы мезгілде Қайрат атты студент те оқу бітіріп, өзін физика пәнінің мұғалімі ретінде ұсынады. Бұл ауылға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бақыт, географиядан сабақ беретін Мөлдір және ағылшын тілінің маманы Жәнібек келеді. Осылайша, жас мамандардың бір ауылға жиналуы қызықты хикаялардың басталуына негіз болады.

Өндіруші: «MG Production» ЖШС

Эфир уақыты: 3-желтоқсаннан бастап, дүйсенбі-бейсенбі, 21:50

Ұзақтығы: 35 минут

Қоюшы режиссері:  Е. Рүстембеков


ТВ анонс:

 

Дереккөз: "Қазақстан" арнасы

Пікірлер