"Бауыржан Момышұлы" сериалының трейлері шықты
"Бауыржан Момышұлы" сериалының трейлерінен алынған скриншот
"Бауыржан Момышұлы" телефильмінің ресми трейлері жарық көрді. "Хабар" Агенттігінің тапсырысымен түсірілген мини-сериалдың режиссері - Ақан Сатаев.
Телехикаяның сюжетіне Александр Бектің "Волоколамск тас жолы"("Волоколамское шоссе") кітабы арқау болған. 4 сериядан тұратын фильмде Бауыржан Момышұлының генерал Панфиловпен таныстығы және оның батальон командирі болып тағайындалған кезеңі баяндалмақ.
Өндіруші: "Хабар" Агенттігі, Sataifilm
Продюсер және режиссер: Ақан Сатаев
Қоюшы-оператор: Хасан Қыдыралиев
Сценарий авторы: Тимур Жақсылықов
Рөлдерде: Еркебұлан Дайыров (Бауыржан Момышұлы), Виктор Ашанин (генерал Панфилов), Әсел Сағатова (Бауыржанның әйелі), Саят Исембаев (лейтенант Қасенов), Мақсат Сәбитов, Бақтияр Қожа.
Ресми трейлер:
Пікірлер