• Біздің парақшалар:

"Assassin`s Creed" фильмінің премьерасы өзгерді

20th Century Fox студиясы өзінің бірқатар жобаларының экранға шығатын уақытын өзгертті.

2015 жылы 19 маусымда шығады деп хабарланған "Assassin`s Creed" ойынының экранизациясы 2015 жылы 7 тамызға ауыстырылған. 

"Фантастикалық төрттік" ("Fantastic Four") фильмінің жаңа нұсқасы 2015 жылы 6 наурызда емес, сол жылдың 19 маусымында жарық көрмек.

Колин ФертЛеонардо ДиКаприоМайкл КейнСэмюэл Л. Джексон секілді жұлдыздардың басын қосатын "Құпия қызмет" ("The Secret Service") жобасы 2015 жылы 6 наурызда көрерменге жол тартады. Осыған дейін ол 2014 жылы 14 қарашада шығады деп айтылған болатын.

Сондай-ақ, "Тәуелсіздік күні" ("Independence Day") фантастикалық боевигінің жалғасы осыған дейін 2015 жылы 3 шілдеде жарық көреді деп хабарланған еді. Соңғы өзгерістерге сәйкес, премьера күні 2016 жылғы 1 шілдеге ауыстырылған.

Пікірлер