• Біздің парақшалар:

Marvel-дің 4 қаһарманына сериалдар жасалады

Marvel мен Netflix компаниялары арасында Marvel-дің "аса танымал емес" қаһармандары туралы сериалдар шығару туралы келісім жасалды.

Walt Disney компаниясының басшысы Боб Айгердің айтуынша, комикс кейіпкерлерінің өте көп болуына байланысты, олардың бәрін үлкен экранға шығару мүмкін емес. Сондықтан, Басбұзар (Daredevil), Люк Кейдж (Luke Cage), Темір жұдырық (Iron Fist), Джессика Джонс (Jessica Jones) секілді қаһармандардың өз сериалдары түсірілмек. Боб Айгер тележобалар аса сәтті болып жатса, аталған кейіпкерлердің жеке көркем фильмдері жасалуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

Дрю Годдард / Фото: hollywood.com

Қазір Басбұзар (Daredevil) туралы сериалға сценарий жазу үшін Дрю Годдардпен келіссөздер жүріп жатқан көрінеді. Бұл маман "Жоғалғандар" ("Lost") сериалының, "Кловерфилд" ("Cloverfield"), "Дүниежүзілік соғыс Z" фильмдерінің сюжетін жасауға атсалысты және "Ормандағы лашық" ("The Cabin in the Woods") триллеріне режиссер болды.

Мелисса Розенберг / Фото: flickr.com

Сондай-ақ, Джессика Джонс (Jessica Jones) есімді қаһарманның сценаристі де белгілі болды. Тележобаның сюжетімен "Ымырт" сагасының авторы Мелисса Розенберг айналысып, бұған қоса атқарушы продюсер міндетін де атқаратын болыпты.

Marvel-дің суперқаһармандары туралы 4 сериал 2015 жылдан бастап жарық көрмек.

Пікірлер