• Біздің парақшалар:

"Монстрлар университеті" DVD, Blu-Ray болып шықты

"Монстрлар университеті" мультфильмінің DVD, Blu-Ray және Blu-Ray 3D басылымдарының мұқабалары

2013 жылғы 8 қарашадан бастап "Монстрлар университеті" ("Monsters University" / "Университет монстров") мультфильмі DVD, Blu-Ray және Blu-Ray 3D басылымдармен жарыққа шықты. Disney/Pixar өндірген анимациялық фильмнің лицензиялық дисктерін "Меломан" компаниясының дүкендер желісінен немесе интернет-дүкенінен сатып алуға болады.

2001 жылғы "Монстрлар корпорациясының" приквелі ретінде шыққан мультфильмнің қазақ тіліне дубляждалғаны белгілі. Бұл анимациялық туынды осыған дейін қазақ тіліне аударылған фильмдердің ішінде ең ауқымдысы болып отыр, өйткені онда 200 шақты кейіпкер бар.

Кейіпкерлерді дыбыстау жұмысына кәсіби актерлармен қатар Алматы облысының  Бағанашыл кентіндегі №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері де қатысты. Мультфильмнің бас кейіпкері Саллиді - М. Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының актері - Руслан Сенкебаев, Майк Вазовскиді - театр және кино актері Дулыға Ақмолда, Салли мен Майктың бәсекелесі - Рэнди Боггсты - Азамат Қанапия, ал декан Хардскрабблды - актриса Лидия Каден дыбыстаған.

 

Дереккөз және медиа-материалдар: meloman.kz

Пікірлер