• Біздің парақшалар:

Түрік ромкомы Қазақстан прокатына шықты

Қазақстан прокатына 17 қазаннан бастап "РОМКОМ. Бойдақтарға мұнда орын жоқ" ("РОМКОМ. Холостякам тут не место") комедиясы шықты. 

Түркиялық фильмді орыс тіліне дубляждау жұмыстары Алматыда "Cinema Tone Pro" студиясында жүргізілді. Дубляждауға актриса Наталья Лунина (Сац атындағы ЖКТ), актерлер 
Дмитрий Скирта мен Роман Жуков (Лермонтов атындағы орыс драма театры), сондай-ақ 
Лариса Фатеева, Мария Азарова, Сергей Никоненко, Владимир Понамарев қатысты.

Түрік ромкомының еліміздегі прокаты "AiN ENTERTAINMENT" компаниясының көмегімен шығып отыр. Аталған компания осыған дейін "Коктейль" үнді фильмін орыс тіліне дубляждап, Қазақстан нарығына шығарған еді.

"РОМКОМ. Холостякам тут не место" комедиясы жылдың басында Түркияда, Германияда және Ұлыбританияда көрсетілді. Романтикалық картина өз елінде алғашқы уикендте 3 млн. доллар табыс тауып, 2013 жыл прокатының үздік бестігіне кірген болатын.

Назарларыңызға фильм туралы қосымша видеоматериалдар ұсынамыз.

ТВ-спот

Кадр сыртынан


Пікірлер

  • Актерлары , актрисалары әп-әдемә ...