• Біздің парақшалар:

"Жалғыз рейнджердің" DVD және Blu-Ray дисктері шықты

"Жалғыз рейнджер" фильмінің Blu-Ray мұқабасы

Гор Вербинскидің "Жалғыз рейнджер" вестерн-комедиясының DVD және Blu-Ray басылымдары жарық көрді. Дисктерде орыс, ағылшын, украин, итальян және қазақ тіліне дубляждалған нұсқалары бар.

"Жалғыз рейнджер" ("The Lone Ranger" / "Одинокий рейнджер") - қазақ тіліне дубляждалған алтыншы фильм. 2013 жылғы 16 қазанда сатылымға шыққан лицензиялық дисктерді "Меломан / MARWIN" дүкендерінен немесе интернет-дүкенінен сатып алуға болады.

DVD және Blu-Ray басылымдарға фильмнің өзінен бөлек қосымша эксклюзив материалдар еніп отыр. 

Биыл қараша айында қазақша аударылған тағы бір туынды - "Монстрлар университеті" анимациялық фильмінің DVD және Blu-Ray дисктері сатылымға шықпақ.

 

Дереккөз: "Меломан" компаниясы

Пікірлер