• Біздің парақшалар:

ІІІ "Бастау" фестивалі 16-20 қазан аралығында өтеді

2013 жылғы қазанның 16-нан 20-на дейін Алматы қаласында студенттік фильмдерге арналған 3-ші "Бастау" халықаралық кинофестивалі өтеді. 

Бес күндік кинофорум аясында конкурстық және конкурстан тыс бағдарламалардың фильмдері көрсетіледі, әлемдік кино шеберлерінің ретроспективалары өтеді. Биылғы шараға ойын, ойынсыз және анимациялық қысқаметражды фильмдер қатысады.

"Бастау" фестивалінің салтанатты ашылуы Т.К. Жүргенов атындағы Өнер академиясында өтеді. Ал 20-шы қазанда "Арман" киноорталығында марапаттау рәсімі мен жеңімпаз картинаның көрсетілімі болады. 

Студенттердің халықаралық кинофестивалі Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, "Tanaris Production" кинокомпаниясының, Алматы қаласының әкімдігінің және ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Пікірлер