• Біздің парақшалар:

"Ел арнада" жаңа "Ұзақ жол" деген сериал шығады

«Ұзақ жол» мелодрамасы бұл «Ел арна» телеарнасының жаңа маусымда көрсететін тағы бір жобасы. 16 бөлімнен тұратын шытырман оқиғаға толы телехикаяны қазанның 23-інен бастап тамашалауға болады.

Фильмнің продюсерлері - Абай Қарпықов пен оның ұлы Әлмири. Ал режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал актер Азат Сейтметов. Айта кету керек, «Ұзақ жол» Азат Сейтметовтың алғашқы режиссерлік жұмысы.

Сценарий желісі бойынша, Амантай мен Жанар туған ауылынан арман қуып қалаға келеді. Бірақ ауылға бауыр басқан олар қаланың қайнаған өміріне үйрене алмай түрлі жайтқа тап болады. Сөйтіп жүргенде бір-бірінен көз жазып, тағдыр олардың жолдары екіге айырылады.Телехикаяның екінші бір желісі қос кәсіпкер Мәдина мен Мұсаның қайшылықтарға толы өмірі жайында өрбиді.

«Бұл отбасылық мелодрама болғанымен, ішінде детективтік сюжеттер де бар. Дегенмен біздің басты көрермендеріміз – орта жастағы келіншектер. Бәрінің көңілінен шығады деп ойлаймын», - дейді телехикая продюсері Әлмири Қарпықов.

Рөлдерде: Гүлбахрам Байбосынова («Болашақ», «Әке серті»), Қуаныш Мамытқалиев, Азамат СатыбалдыБолат Әбділманов, т.б.. 16 сериялы туындыны көрермендер «Ел арнадан» қазан айының 23-інен бастап, дүйсенбі-жұма күндері сағат 22.10-да көре алады.

Трейлері:

 

Дереккөз: "Ел арна" телеарнасы

Пікірлер