• Біздің парақшалар:

"Тарзан" фильмінде Кристоф Вальц зұлымды сомдамақ

Кристоф Вальц

Дэвид Йэтс түсіруі тиіс "Тарзан" жобасына тағы бір актер шақырту алды. Кейбір ақпарат көздерінің хабарлауынша, Кристоф Вальц фильмде басты зұлымды сомдауы тиіс.

Түсірілім биылғы жылдан 2014 жылға шегерілгені белгілі. Тарзан рөлін швед актері Александр Скарсгард орындайды деген болжам бар. Басқа актерлер туралы әзірге ақпарат жоқ.

Эдгар Берроуз шығармасына негізделетін жобамен Warner Bros. компаниясы айналысып жатыр.

 

Дереккөз: lenta.ru

Фотосурет: flickr.com; Сreative Сommons лицензиясы

Пікірлер