• Біздің парақшалар:

"Үндестік сабағы" Қазақстан прокатына 3 қазанда шығады

"Уроки гармонии" фильмінен кадр

63-ші Берлин кинофестивалінде үздік операторлық жұмыс үшін "Күміс аю" жүлдесіне ие болған Эмир Байғазиннің "Үндестік сабағы" ("Уроки гармонии") фильмі Қазақстан прокатына 3 қазанда шығатын болды.

Бұл туралы биылғы 9-шы "Еуразия" кинофестивалі кезінде "Қазақфильм" президенті Ермек Аманшаев хабарлаған.

Талай кинофорумдарға қатысып үлгерген отандық картинаның АҚШ-тағы премьерасы Tribeca фестивалі аясында өткен еді.

"М-агент" фильмінен кадр

Тағы бір қазақстандық кинотуынды биыл күзде көрерменге жол тартпақ. Мистика жанрында түсірілген Еркін Рақышевтің "М-агент" фильмі қараша айында прокатқа шықпақ. Бұл картина да биылғы "Еуразия" кинофестивалі аясында таныстырылды.

 

Дереккөздер: meloman.kztengrinews.kz

Пікірлер